jasqazaq.kz

Қазақстанда маңызды дода Grand Slam өтеді

06 ақпан 2023, 10:17


Францияның Париж қаласында дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің кезеңі өтті. Осы турнир аясында халықаралық дзюдо федерациясының(IJF) президенті Мариус Визер мен Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев төрт жылдық келісімшартқа қол қойды.

Енді 2023-2026 жылдар аралығында елімізде осы Grand Slam турнирінің кезеңдері өткізілетін болады. Әлемдік дода Алматы және Астана қалаларында өтеді. Және атауы қандай деңіз. «Qazaqstan barysy Grand Slam» деген атаумен ұйымдастырылады. Сонымен қатар жыл сайын біздің елімізде дзюдодан халықаралық оқу-жаттығу лагері де жүзеге асырылады. Бұл жыл сайын қазақ даласына әлемнің таңдаулы дзюдо командалары келіп бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізуге мүмкіндік туғызады.

Былтыр елімізге дзюдодан ұлттық құрама бапкерлеріне күш қосып, шеберлігін шыңдау үшін, спортшыларымызды қайрап, шынықтырып, тәжірибесін ұштау мақсатында Франция елінен арнайы мамандар келіп жұмыс істеп жатыр. Нәтижесі де көріне бастады. Биылғы жылды қыздарымыз орасан жетістікпен бастады. Португалия елінде өткен гран-при додасында 48 келіде екі бірдей аруымыз финалға шығып, Әбиба Әбужақынова алтын, Ғалия Тынбаева күміс жүлдегер атанды. Ал кеше аяқталған Париждегі Grand Slam турнирінде Әбиба Әбужақынова (48 келі) мен ерлер арасында Данияр Шамшаев (73 келі) қола жүлдені еншіледі.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде