jasqazaq.kz

Қазақстан – Оман ортасын жалғайтын рейс ашылады

28 ақпан 2023, 10:45

Қазақ аспанында тағы бір әуе компаниясына өріс ашылатын болды. Осы жылдsң 1 шілдесінен бастап Оманның «Salam Air» әуекомпаниясы Маскат – Алматы бағыты бойынша тікелей рейстерді орындамақ.

«Халықаралық рейстердің санын ұлғайту, сондай-ақ «ашық аспан» режимін іске асыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Оман авиациялық билігімен бірлесіп «Salam Air» әуекомпаниясының тұрақты жолаушылар рейстерін ашу мәселесін пысықтады.

Осылайша, «Salam Air» 2023 жылғы 1 шілдеден бастап А–320neo және А-321neo типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс (бейсенбі және жексенбі) жиілігімен Маскат-Алматы бағыты бойынша тікелей тұрақты рейстерді орындауды бастауды жоспарлап отыр.

Қазақстан мен Оман арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, туристік және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін болады». Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі осылай мәлім етті.

«Salam Air» Омандағы қызмет құны аса қымбат саналмайтын әуекомпанияларының бірі. 2016 жылдан бері әуеге ұшақ ұшырып келе жатқан компания әлемнің 20 еліне халықаралық рейстерді орындайды.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде