jasqazaq.kz

Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық барлық бағытта жалғасады

03 ақпан 2023, 9:56


Еліміздің Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Алматыда өтіп жатқан Еуразиялық үкіметаралық кеңестің (ЕҮАК) отырысы аясында Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды JQ-Aqparat Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараптар сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерінің кең ауқымын, транзиттік және екіжақты жүк тасымалдау көлемін ұлғайту жөніндегі шараларды, шекаралық өткізу пункттерін жаңғырту жөніндегі жоспарларды және басқа да бірқатар тақырыптарды талқылады.

Әлихан Смайылов ҚР мен РФ арасында экономикалық кооперация қарқынды дамып, өзара сауда-саттық деңгейі арта түскенін және бірлескен жобалар іске асырылып жатқанын айтты. Бұл ретте екі ел көшбасшылары арасындағы белсенді саяси диалогтың Қазақстан-Ресей әріптестігінің барлық салаларында жоғары қарқынды қамтамасыз етіп отырғаны атап өтілді.

Өткен жылдың 11 айында өзара тауар айналымы 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда айтарлықтай өскен.
Өнеркәсіптік кооперацияның даму қарқыны жақсы, оның аясында жалпы құны $1 млрд-қа жуық 26 бірлескен жоба іске асырылды.
Бұған қоса құны шамамен $23 млрд болатын 84 ірі жоба іске асырылуда және пысықталу сатысында. Осы жобалардың аясында 24 мың жұмыс орны құрылады деп күтілуде.
«Бұл Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының зор әлеуетін көрсетеді, біз оны белсенді түрде қолдап, дамытуымыз қажет», — деді Әлихан Смайылов.

Өз тарапынан Михаил Мишустин екі ел үкіметтері тұрақты байланыста екенін және өзара мемлекетаралық байланыстардың аса маңызды міндеттерін уақытылы шешіп отырғанын атап өтті.

«Негізгі басымдықтарымыздың бірі – Қазақстанмен қарым-қатынасты әрі қарай нығайта түсу. Біздің ынтымақтастығымыз достық, стратегиялық серіктестік және одақтастық принциптеріне негізделген. Екі ел арасында өзара сауда-саттық табысты дамып келеді. Бұл ретте біз өнеркәсіп, машина жасау, энергетика, көлік және басқа да салаларда жаңа өндірістік тізбектер құруды жеделдету маңызды деп санаймыз», — деді Михаил Мишустин.

31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді