jasqazaq.kz

Қазақстан мен Литва Туризм тамырына қан жүгірмек

01 ақпан 2023, 15:57

Елімізде туризмді дамыту – мемлекет экономикасының әлеуетін арттырудың бірден-бір жолы. Осы бағытты өрістету негізінде Қазақстан Литва елімен әріптестік байланыс орнатты. Литваның Вильнюс қаласында Қазақстан мен Литва мемлекеттерінің арасында туризм саласын өрістету жөнінде жұмыс тобының отырысы өтті. Қазақстан делегациясын Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев басқарды. Елімізден барған делегация құрамында Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің, ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің, «Kazakh Tourism» ҰК «АҚ, сондай-ақ «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының өкілдері болды. Литва делегациясына Экономика және инновациялар вице-министрі Винцас Юргутис жетекшілік етті.

Жұмыс тобының ресми отырысы барысында қазақстандық делегация елдің туристік әлеуетін таныстырды.

Вице-министр Е.Еркінбаев Қазақстан туризмінің негізгі көрсеткіштері қалпына келтіріліп қана қоймай, 2019 жылғы көрсеткіштерден де асып түскенін хабарлады. Қонақүйлер қызмет көрсеткен шетелдік туристердің саны шамамен 610 мың болса, былтырғы жылдың қорытындысында 1 млн шетелдік келген.

Литвалық тарап Қазақстандағы экотуризм мен тау шаңғысы туризмі сияқты ұсыныстарға, сондай-ақ литвалық тарап баламасын енгізуге ниетті eQonaq ақпараттық жүйесіне қызығушылық танытты. Қазақстандық тарап Вильнюстегі әріптестеріне Алматы қаласындағы «Шымбұлақ» таулы курортында Литваның туризм күндерін және Вильнюс қаласында Қазақстанның туризм күндерін өткізу жөніндегі ұсыныс айтылды. Қазақстандық делегация халықаралық Adventure23 туристік көрмесіне барған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде