jasqazaq.kz

Қазақстан мен Қырғызстан арасында шекара учаскелеріне қатысты құжат бекітілді

18 қантар 2023, 13:01

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Үкіметі мен Қырғызстан Үкіметі арасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелері туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Хаттаманың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының шекаралық өкілдері өз функцияларын орындауға жауапты болатын мемлекеттік шекара учаскелерінің аумақтық шектерін айқындау.

Хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі мынадай учаскелерді айқындады:

Қазақстан Республикасының тарапынан – Алматы, Қордай және Тараз учаскелері, ал Қырғыз Республикасының тарапынан – Ыстықкөл, Шу және Талас учаскелері.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті мәліметіне қарағанда, хаттама екі ел арасындағы қатынастардың құқықтық негізін белгілеуге және реттеуге бағытталған, Қазақстан – Қырғыз мемлекеттік шекарасындағы шекаралық өкілдердің қызмет учаскелерін айқындауды көздейді. Бұл еліміздің Мемлекеттік шекарасының белгіленген режимін қолдауға ықпал ететін болады.

Бүгін, 12:41
В Кентау расширяется сфера применения казахского языка
09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача