jasqazaq.kz

Қазақстан – Эстония: Екі ел қандай салаларда ынтымақтастықты дамытуға ниетті

18 қараша 2025, 23:06

«Астана Опера» қабырғасында өткен ресми іс-шара барысында Эстония Президенті Алар Карис екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейту бағыттарын атап өтті.

«Бұл сапарға Эстонияның жетекші университеттерінің ректорлары мен өкілдері қамтылғаны мені қуантады. Ғылым мен білім адамдарды біріктіреді, шығармашылық ойды тоғыстырып, халықтар арасындағы өзара түсіністікті нығайтады. Біздің университеттер меморандумдарға қол қойып, бұрыннан бар байланыстарды күшейтті және жаңа серіктестіктерді бастады», — деді Эстония Президенті Алар Карис.

Аллар Каристің айтуынша, бұл сапар бизнес-қоғамдастық тарапынан да үлкен қызығушылық тудырған. Қазақстанға 40-тан астам кәсіпкер келіп, мазмұнды бизнес-форум өткізіліп, жаңа келісімдер мен ынтымақтастық мүмкіндіктері ашылды.

«Эстония мен Қазақстанды маңызды әрі ұзақ мерзімді экономикалық қарым-қатынастар байланыстырады. Логистика саласында Эстония қазақстандық тауарлардың әлемдік нарыққа шығуына мүмкіндік беретін қақпа рөлін атқарады. Бұл әріптестік өндірушілерді, теміржол және көлік компанияларын, сондай-ақ сапасы мен сенімділігімен танымал эстон порттарын біріктіреді. Біздің ынтымақтастығымыз көлік саласын да қамтиды: қалалық мобильділіктен бастап, қалааралық тасымалдарға, Каспий флотына арналған паром қатынасы мен кеме жасау ісіне дейін», — деп атап өтті ол.

Жасанды интеллекттің жаһандық дамудағы рөліне тоқталған Алар Карис екі елдің де бұл технологияларды жауапты әрі адамға бағдарланған түрде қолдануға ұмтылатынын айтты. Ол ИИ технологияларын ерте жастан бастап білім беру жүйесіне енгізуді негізгі басымдықтардың бірі ретінде атады.

Эстония Президенті ынтымақтастықтың негізі өзара тиімділік пен ортақ қағидаттар екенін де атап өтті.

«Эстон тауарлары мен қызметтері Қазақстанның экономикасын әртараптандыру және жаңғырту жөніндегі күш-жігерін қолдайды, сонымен бірге екі жаққа да өсу мен инвестиция үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ынтымақтастықтың жаңа бағыттары пайда болып, дәстүрлі салалар нығая түсуде. Осы сапар аясында қол қойылған өзара түсіністік туралы меморандумдар кең ауқымды салаларда ынтымақтастығымызды тереңдетуге берік негіз болады деп сенемін», — деді Эстония Президенті Алар Карис.

Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігі

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді