jasqazaq.kz

Қазақстан биылғы жылдың І тоқсанында Германияға 300 мың тонна мұнай жеткізеді

13 қантар 2023, 11:30

«ҚазТрансОйл» АҚ 2023 жылдың І тоқсанында Германия Федеративті Республикасына 300 мың тонна көлемінде мұнай тасымалдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

«ҚазТрансОйл» АҚ Ресей Федерациясы Энергетика министрлігінен 2023 жылдың I тоқсанында «Транснефть» ЖАҚ магистральді мұнай құбыры арқылы «Адамова застава» мұнай бекетімен әрі қарай Германияға 300 мың тонна көлемінде қазақстандық мұнайды жеткізу бойынша растау қағазын алды.

Бұл жөнінде Ресей Федерациясының Энергетика министрлігі бекіткен ТМД мүше мемлекеттерінің мұнайын Ресей Федерациясы аумағы арқылы мұнай құбыры жүйесімен өтетін транзит кестесі жазбасында айтылған.

Мұнайдың аталмыш транзиті Қазақстан және Ресей үкіметтері арасында 2002 жылғы 7 маусымда жасалған арнайы келісімшарт негізінде іске асады.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді