jasqazaq.kz

Қазақстан азаматтары үшін қажылық сапар арзандауы мүмкін

09 қантар 2023, 13:57

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Жидда қаласында Сауд Арабиясы корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиамен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлының Facebook парақшасындағы мәліметке сәйкес, кездесуде осы жылғы үлкен қажылық сапарын сапалы ұйымдастыру мәселелері сөз болған.

Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандық қажыларға қолайлы жағдай жасауғв қатысты министрге ұсынысын жеткізді.

Атап айтқанда, Бас мүфти Қазақстан қажыларын жеткізетін әуе тасымалының қызмет құнын халыққа тиімді бағада бекіту, отандастарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қонақүй бағасына барынша жеңілдік жасау, қызмет сапасын арттыру, төлем жасау жүйесін оңтайландыру сынды мәселелерге баса назар аударды.

«Аллаға шүкір, елімізде қажылық парызын орындауға ниет білдірушілер саны жылдан жылға артып келеді. Біздің мақсат – қажылық сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыру. Қазақстан қажылық миссиясы осы бағытта нәтижелі жұмыс істеп келеді. Сіздер тараптан қызмет көрсету бағасына жеңілдіктер жасалса деген тілегіміз бар. Бұл қадам біздің қажыларға үлкен қолдау болар еді», — деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде САК Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан ар-Рабиа қазақстандық қажыларға министрлік тарапынан барынша қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Кездесу соңында тараптар екіжақты ынтымақтастықты арттыруға келісті.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылы 4 мың жерлесіміз үлкен қажылығын өтеп келді.

Отандастарымызға 14 туристік компания қызмет көрсетті. Қажыларға қызмет көрсетуге лайықты туристік фирмалар конкурстық негізде анықталды.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка