jasqazaq.kz

«Қазақ газеттері» мен «Егемен Қазақстан» біріктіріліп, оған Дихан Қамзабекұлы басшы болды

23 қантар 2023, 16:46

Еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Алматыда қайта құрылған «Қазақ газеттерінің» ұжымымен кездесті. Бұл туралы министр Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды JQ-Aqparat.
Министрдің мәліметінше, «Қазақ газеттері» мен «Егемен Қазақстан» ЖШС-ның бірігу жұмыстары сәтті аяқталды.
«Қазақ газеттері» деп аталатын құрылым өз дамуының жаңа кезеңіне аяқ басты деп айта аламыз. Жаңа құрылым жаңа ғимаратта жұмысын бастады. Ұжым қызметкерлерінің жалақысы, қаламақы және сыйақы өсті. Алда да атқарылатын жұмыс көп. Енді «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Ана тілі», «Ақиқат», «Мысль», «Теңге монитор», «Ұйғыр авази», «Үркер», «Ақжелкен», «Балдырған», «Ұлан», «Дружные ребята» басылымдары бір шаңырақтың астында қызмет істейді. Бұл – ортақ ақпараттық қызмет», — деп жазды Дархан Қыдырәлі.
Ол сондай-ақ «Қазақ газеттеріне» келген жаңа басшылар туралы жазды.
«Екі ұжымның бірігуіне орай «Қазақ газеттерінің» бас директоры болып академик Дихан Қамзабекұлы тағайындалды. Сондай-ақ белгілі журналист Думан Анаш «Қазақ газеттері» бас директордың орынбасары – Алматы филиалының басшысы, Ерлан Жүніс «Ана тілі» газетінің бас редакторы және Асыл Сағымбеков «Мысль» журналының бас редакторы болып тағайындалды», — деп хабарлады министр.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді