jasqazaq.kz

Қауіпсіздікті сақтау – қоғам талабы

25 мамыр 2022, 18:28

«Газ және газбен жабдықтау туралы» ҚР Заңына сәйкес тұрғындар газ жабдықтарының техникалық жай-күйін, қауіпсіздігін және жыл сайын техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға, ал қызмет көрсетуші ұйым олардың техникалық жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге міндетті.

Алайда осы талаптар тиісті дәрежеде орындалмау себебінен Шымкент қаласында 2022 жылдың 4 айында улы газбен уланудың 78 фактісі тіркеліп, 8 адам қайтыс болған.
Осы орайда, прокуратура бастамасымен бір тұрғынның газбен уланып, денсаулығына зиян келу фактісі бойынша ҚК-тің 306-бабының 1-бөлігімен (қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, нәтижесінде қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған. Бұдан бөлек, 2 қылмыстық іс тергелу сатысында.

Тұрғындардан газ құрылғыларының үйішілік техникалық қызмет көрсету жөнінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйымдармен шартты міндетті түрде жасау және олармен техникалық қызметтердің сапалы жүргізілуін талап ету, сонымен бірге тұрмыста газды пайдаланудың ережесін сақтау, газ құрылғыларының ақаулары пайда болған жағдайда тек қана газ саласындағы мамандарға жүгіну талап етіледі.

Сондай-ақ техникалық қызмет көрсетуші ұйымның тиісті төлемді алып, газ жабдықтарының жай-күйіне тексеру жүргізбесе уәкілетті мемлекеттік орган Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының газ техникалық инспекция бөліміне (24-75-04, 8-702-671-19-92, 8-707-230-36-17, 8-701-570-00-27, 8-775-274-54-05), ал аталған мемлекеттік орган әрекетсіздік танытса қала прокуратурасына (53-91-84) шағымдануға құқылы екенін хабарлаймыз.

Тоқтар Жақаш

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде