jasqazaq.kz

Қаржы пирамидасы екенін білсе де, насихаттады

09 қантар 2023, 15:49

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасының ісі бойынша басты сот отырысы басталды. 12 айыпталушының арасында вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бар деп хабарлайды JQ-aqparat.

Бүгін таңертең Алмалы аудандық сотында басталған сот процесі Zoom платформасы арқылы онлайн режимде өтті. Сот отырысына қатысқан прокурор күдіктілерге қатысты айыптау актісін оқыды. Оның сөзі екі сағатқа созылды.

«2019 жылы Алмас Құрманғалиев Astex қаржы пирамидасын құрған. Ол баю мақсатында қылмыс жоспарын жасап, туысы Ержан Мансұровты тартты. Кейін олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрды. Онда Мансұров жеке мүддесін көздеп, қаржы пирамидасын дамыту бойынша жеке тапсырмаларды орындады. Astex ЖШС тіркелді.

Құрманғалиев салымшыларға өз салымдарының жылына уәде етілген 240 пайызын төлей алмайтынын біліп, ҰҚТ қызметін жалғастырды. Ол жаңа салымшыларды үнемі көбейту керек екенін түсінді. Бірнеше айдан кейін олар өз қызметіне сенімді және заңды болып көріну үшін танымал тұлғаларды тартты, кейін Руслан Бұрқанов, Әзімжан Саидбаев және Мейірхан Шерниязов іске қосылды. Бұлар ұсынылған іс-әрекеттердің заңсыздығын түсініп, қаржы пирамидасына қатысуға өз келісімдерін берді», — деді мемлекеттік айыптаушы.

Біраз уақыттан кейін Mudarabah Capital ЖШС тіркелді. Тергеу барысында анықталғандай, онда Бұрқанов, Саидбаев және Шерниязов жарғылық капиталдағы үлестерін өзара бөліскен. Бұл компания инвесторлардың ақшасын тарту құралы ретінде пайдаланылуы керек екені аталды.
Мudarabah Capital мен Astex арасында келісім жасалды. Оған сәйкес, Мudarabah Capital клиенттерді іздеуге, Astex атынан келісім жасауға, келісім жасалғаннан кейін кеңес беруге және басқа да заңды операцияларды жүргізуге міндеттенді. Бұл келісім Mudarabah Capital-дың Astex құрылымдық бөлімшесі болғанын көрсетеді.

Mudarabah Capital-да негізін қалаушылардың бірі болған Бұрқанов директор болып тағайындалды. Құрылтайшы Саидбаев әлеуметтік желілерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуі керек еді. Ол құрылтайшылар арасында қаржы бөлуге де атсалысты. Шерниязов та дәл осындай роль атқарды», — деді прокурор.

2020 жылғы қыркүйек аяғында үшеуі де қаржы пирамидасын танымал ету үшін әлеуметтік желілерде миллионнан аса оқырманы бар Мейіржан Төребаевқа жүгінген. Оған сыйақы берілетіні уәде етіліп, бірлескен қылмыстық әрекеттерге тартылады.

«Төребаев ұсыныстың заңсыз екенін түсініп, пирамида істен шықса, қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып кете алатынына сенімді болып, келісімін беріп, ұйымдасқан қылмыстық топқа қосылған. Ол салымшыларға пайыз төлеу мүмкін емесін, бұл заңсыз қаржы пирамидасы екенін, жұмыстың табыстылығын бағалап, салымшылардың қаражатынан айырылатынын түсінсе де, жұмысқа кірісті.

Төребаев пирамиданы кеңінен насихаттап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, оған қаржы салынып жатқанын, мұның бәрі заңды екенін әлеуметтік желілерде көрсетуі керек еді. Төребаев та құрылтайшылар қатарына қосылды. Оның барлығында жарғылық капиталдың 11-11,5 пайызы болды», — деді мемлекеттік айыптаушы.

Судья Кәмшат Сауырова айыпталушылардың тағылған айыпқа қатысты пікірін сұрады. Шерниязов пен Төребаев қаржы пирамидасын құрды және ұйымдастырды деген айыппен келіспейтінін және кінәні мойындамайтынын айтты.

Еске түсірсек, елге танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов биыл сәуірде Mudarabah Capital қаржы пирамидасы схемасына қатысы бар деген айыппен қамауға алынған болатын. Олар күдікті деп танылып, түрмеде отыр. Олардан басқа іс бойынша жауапкер, үшінші вайнер Әзімжан Саидбаев бар. Оған іздеу жарияланған.

Өткен жылғы желтоқсанда Мейіржан Төребаев тергеу изоляторынан босатылып, үйқамаққа ауыстырылған болатын.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка