
Қарасай ауданындағы перзентханада екі ұл мен бір қызды дүниеге әкелген Ақмарал Айдар 29 жасында көп балалы ана атанды. Ақмаралды үйінде тағы үш бала күтіп отыр, үлкен ұлы 8 жаста.
Үшемнің үлкені Қаракөз салмағы 2460, Садық – 2100, Сыдық 1820 грамм.
Қарасай ауданаралық көп бейінді ана мен бала денсаулығын сақтау ауруханасы директорының орынбасары Индира Қабаева әйелдің жүктілік кезінде қатаң бақылауда болғанын айтты.
«Үшемдер жүктіліктің 36-шы аптасында дүниеге келді. Үшемнің жүктілігі әрқашан ана мен сәбилер үшін үлкен қауіп болып табылады, сондықтан әйел бүкіл уақыт бойы бақылауда болды. Үшем кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Бүгінгі таңда олардың денсаулығы жақсы», — деді Индира Қабаева.
JQ-Aqparat