jasqazaq.kz

Қарағандыдағы өрттен қаза болған отставкадағы полковник екені белгілі болды

11 қантар 2023, 15:28

Қарағандыдағы көпқабатты үйдегі өрттен қаза болғандардың бірі зейнетке шыққан полиция полковнигі екені белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қаза болғандардың бірі отставкадағы полиция полковнигі, Ұлттық ұланның ардагері Ринат Шоқаев болатын. Өрт болған жерден оның әйелі мен ағасының да мәйіттері табылды. Ринат Шоқаев ұзақ жылдар қызмет еткен ІІМ Барімбек Бейсенов атындағы Қарағанды ​​академиясының баспасөз қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

«Бүгін 70 жастағы отставкадағы полиция полковнигі Ринат Шоқаев, оның жұбайы және ағасы қайғылы қаза тапты. Ринат Шоқаев 1987-1997 жылдар аралығында Қарағанды академиясында курс бастығы, одан соң саптық бөлім бойынша Академия бастығының орынбасары болып қызмет атқарды. Қарағанды академиясының дамуына үлкен үлесін қосып, көптеген офицерлерді тәрбиелеп шығарды. Оның өнегелі өмірі мен жарқын бейнесі біздің жадымызда мәңгі сақталады.
Ринат Кенжебайұлының отбасына, туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы болсын!», — делінген хабарламада.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка