jasqazaq.kz

Қарағандыда заңсыз салынған 7 үйдің құрылысы тоқтатылды (Видео)

28 наурыз 2023, 22:42

Қарағандыда сот шешімімен көп қабатты жеті үйдің құрылысы тоқтатылды. Себебі: баспаналар заңсыз салынған. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Ереже бойынша олар құрылысты бастамас бұрын нысан жобасын сараптамадан өткізуі керек. Сондықтан құрылыс басқармасы олардың әрі қарайғы жұмысына шектеу қоюды сұрап сотқа арызданды. Сот әзірге 7 нысанның жұмысын тоқтатты. Олардың арасында 9 қабатты екі баспана салынып қойған. Тағы осындай үш нысанның ісі сотта қаралып жатыр. Енді осы баспаналар арнайы техникалық сараптамадан өткізілуі керек. Бұл шартт орындалмаған жағдайда құрылыс ары қарай жүргізілмейді. Тіпті сүрілуі де мүмкін.

Гүлбахрам Мұқашева Қарағанды облысы сәулет, құрылысты бақылау басқармасының бас маманы:

— Егер техникалық тексеру қорытындысында құрылыс нормасына сәйкес салынған, қолданысқа жарамды деген шешім шықса, ол әрі қарай құрылысын жалғастыра алады. Ал егер қолданысқа жарамсыз дейтін жағдайда, онда әрі қарай сот арқылы сүрілуі мүмкін.

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті