jasqazaq.kz

Қарағандыда көпқабатты үйдегі өртке байланысты қылмыстық іс қозғалды

11 қантар 2023, 10:26

10 қаңтарда Қарағандыда 16 қабатты үйдің сегізінші қабатында өрт шықты. Себебі анықталып жатыр. Әзірге облыстық полицияның мәліметінше, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, ер адам өртеніп жатқан пәтердің терезесінен құлап кеткен, қазір ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар, барлау кезінде үш адамның (екі ер және бір әйел адамның) мәйіті табылды.

Ал, облыстық полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Қарағанды ​​облысы ПД баспасөз қызметі:

«Өрт оқиғасынан кейін полицейлер ҚР ҚК-нің 204-бабының 2-бөлігі «Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру, өртеу, ауыр зардаптарға әкеп соқтыратын немесе қауіптілігі жоғары басқа көздерге абайсыз болу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.»

Аталған баптың санкциялары, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүріп жатыр, деп қорытындылады ПД.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді