jasqazaq.kz

Қарағандыда 16 қабатты үйде өрттен көз жұмған отставкадағы полковник пен оның отбасы болып шықты

11 қантар 2023, 14:37

Қарағандыдағы көпқабатты үйде өрт шыққан пәтердің қожайыны зейнетке шыққан полиция полковнигі және оның отбасы мүшелері екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше Қарағандыдағы от шарпыған пәтердің иесі — зейнеттегі полиция полковнигі. Қаза тапқан тағы екі адам — оның жұбайы мен ағасы болған.

70 жастағы полковник Ринат Шоқаев бұған дейін ҚР ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының саптық бөлім бойынша бастығының орынбасары болып жұмыс істеген.

Ол академия курсының бастығы болған. Марқұмның достары мен таныстарының айтуынша, Ринат Кенжебайұлы осы университеттің дамуына зор үлес қосқан.

Көптеген офицерлерді тәрбиелеген. Ол 70 жаста еді.

Пәтерде сонымен қатар олардың 43 жастағы ұлы болған.

Оның 8-ші қабаттың терезесінен қалай құлап кеткені әлі белгісіз. Қазір ол ауруханада жатыр.

«Науқастың жағдайы орташа ауыр. Есін біледі. Жансақтау бөлімінде. Дәрігерлер барлық қажетті медициналық көмек көрсетіп жатыр. Науқас кеуде қуысынан жабық жарақат алған, жіліншік сүйектері сынған», — деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка