jasqazaq.kz

Қарағанды: Жиһаз да жоқ, ақша да жоқ (Видео)

17 наурыз 2023, 21:19

Қарағандыда жиһаз жасатамыз деп ақшасынан айырылған азаматтар наразылық білдірді. Әзірге 15 адам күдіктінің үстінен полицияға шағымданған. Бірақ алаяққа алданғандар саны бұдан да көп болуы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Зарина Мұхтарова Қарағанды қаласының тұрғыны:

— Арыз жаздық. Бүкіл ұжым болып жаздық. 10 адам болды ол кезде. Осы бір-екі күнде тағы 5 адам табылды. 15 адам болды. Бұл біз білетін адамдар ғана мүмкін басқа да адамдар бар шығар. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр. Бірақ тергеу өте нашар деңгейде жүргізіліп жатыр. Өйткені тергеушінің жасы 22-де ғана. Ол барлық өз жұмысын жүргіземіз дейді, бірақ алдыға ешқандай қадам жоқ.

Алданған азаматтар өзін жиһаз шеберімін деген адамның үйіне жиналды. Бірақ бұл баспана оның анасына, ал қалған дүние мүлкі жұбайы мен туыстарының атына рәсімделген екен. Оның үстіне ол ресми келісімшарт жасасып, ақшаны арнайы есеп-шотқа аудартқан. Ол зардап шегушілерден 500 мыңнан 1 жарым миллион теңгеге дейін алған. Арызданушылардың айтуынша, бұдан ақшаларын 2016 жылдан бері ала алмай жүргендер бар көрінеді. Өйткені бәрі ресми түрде рәсімделгендіктен, іс қылмыстық емес, азаматтық құқықтық негізге ауыстырылған. Тіпті сот шешімі шыққанымен, оның атында тәркілейтін дүниесі жоқ. Сондықтан, алданғандар қылмыстық іс тиянақты тергеліп, күдікті тиісті жазасын алса дейді.

17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл