jasqazaq.kz

Қаңтар: Алматы облыстық полиция департаментінің экс-басшысы жұмыс орнын тастап кеткен

05 қантар 2023, 11:40

Қаңтар оқиғасы кезінде бірқатар өңірде ҰҚК мен Полиция департаменттерінің басшылары қарамағындағыларға жұмыс орнын тастап кету жөнінде бұйрық берген. Бұл туралы Бас прокуратураның «Қаңтар оқиғасы: Дерек пен дәйек» деректі фильмінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокуратура ұсынған фильмде Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевтың жұмыс орнын тастап кетіп бара жатқан видеосы жарияланған.

«Мына кадрлардан Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы, сол кезде комендант болған Күдебаевтың мекеме ғимаратын тастап кеткенін көруге болады», — деп баяндалған фильмде.

Еске салсақ, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған болатын. Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған. 2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.

Бүгін, 15:57
Туркестан: С начала года реализовано 78 бизнес-проектов
Бүгін, 13:59
Стратегическое партнерство Туркестанской области и ведущих китайских компаний выходит на новый уровень
Бүгін, 13:56
Рысдаулет Пайланулы: В Арыси расширяется сфера применения государственного языка
Бүгін, 13:06
Главная цель - повышение качества обучения государственному языку
13 маусым, 12:15
Chevron Direct Investment Fund Қазақстандағы KazBoltService өндірістік зауыты жобасына инвестиция салады
11 маусым, 14:09
Более тысячи крестьянских хозяйств Туркестанской области перешли на водосберегающие технологии
11 маусым, 14:01
В Тюлькубасском районе введут в эксплуатацию четыре новых медицинских пункта
11 маусым, 13:59
Визит акима в Китай: определены приоритетные направления новых проектов
11 маусым, 13:54
Бейсенбай Торебеков: Ведется комплексная работа по расширению сферы применения государственного языка