jasqazaq.kz

Қант өндіруді 180 мың тоннаға жеткізу қажет

24 ақпан 2023, 17:22

Елімізде 2026 жылға қарай қант өндірісін 180 мың тоннаға жеткізу керек. Жетісу облысында жұмыс сапарымен жүрген Премьер-министр Әлихан Смайылов Көксу қант зауытының тыныс-тіршілігімен танысуға барғанда осылай деді.

Үкімет басшысы қант қызылшасын өсіретін егіс алқаптарының көлемін кезең-кезеңімен ұлғайтып 15 мың гектарға жеткізудің кешенді жоспары қабылданғанын, қант өндірушілерге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп келе жатқанын айтты. Жетісу облысы да 2026 жылға қарай жиналған өнімнің көлемін 525 мың тоннаға жеткізуді көздеп отырғанын да тілге тиек етті.
«Осыған байланысты жаңа алқаптарды өңдеп, суармалы жерлерді қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау маңызды. Сумен қамтамасыз ету бөлігінде су шаруашылығы объектілерін реконструкциялау жөніндегі шаралар көзделген. Қант зауыттары да жаңғыртылып, 2026 жылға қарай өндірілетін ақ қант көлемін 180 мың тоннаға дейін жеткізу қажет», — деген үкімет басшысы ауылшаруашылығы министріне бірқатар тапсырма жүктеп, мемлекет аграрлық саланы қаржыландыруға былтыр қомақты қаражат бөлгенін, биыл да сол сома бөлінетінін айтты.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде