jasqazaq.kz

Қанды сұйылтады Қазақ ғалымдары коронавирусқа қарсы дәрі жасады

09 сәуiр 2021, 11:11

Қу шөппен ауыз сүртуге үйренгенбіз. «Бізде түк жоқ: ғылым жоқ, медицина нашар, технологияға шорқақпыз» дегенді ауызы дуалы зиялы қауым ғана емес, қара базардағы саудагер, қара жолдағы таксист те езуі көпіріп, көсіле береді. Бірақ бізде де бар. Басқасын айтпай-ақ қояйық. Қазақ ғалымдары коронавирусқа қарсы дәрілік қоспа жасап шығарыпты. Қандай жақсы жаңалық! Олар Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің дәрілік өсімдіктер орталығының ғалымдары екен.

Орталық директоры Жанар Жеңіске хабарласып, ғылымдағы ақжолтай жаңалықты өз аузынан естідік. Тоғыз ғалымнан құралған топ вирус жаппай тарап жатқан дәл қазіргі уақытта бұл қоспаның таптырмайтын ем екенін айтуда. Қоспаның құрамында түрлі емдік шөптер мен дәрумендер бар. Мәселен, жалбыз, қызылмия, қалампыр және түймедақ сияқты емдік өсімдіктер. Қазақ емшілігінде дәрі шөптердің пайдасы бұрыннан айтылады. Тіпті ел ішінде дәрі шөптермен ем-дом жасайтын дәрігер-емшілер әр өңірден кездеседі. Жас ғалымдар соны темірқазық ете отырып, өздерінің өнімін тек қана дәрілік шөптер мен емдік қасиеті бар өсімдіктердің қоспасынан жасап шығарған. Жанар Жеңіс: «Тарихта оба сияқты індет тарағанда осындай шөптермен емдеген. Біз жасаған қоспа диабет, қан қысымы, демікпе сияқты ауруларға шипа береді. Коронавирустың ең қатерлі белгісі – індетпен ауырған адамның қаны қоюланады. Біз жасаған қоспа қанды сұйылтады», – дейді.

Ғалым бұл дәрілік қоспаны былтыр қолға алыпты. Өзінің айтуынша, ол екі түрлі дәрі жасаған. Біріншісін жеуге болатын жеміс-жидек шөптерінен жасапты. Оны вирусқа, тұмауға қарсы қабылдауға болады. Соны жасағаннан кейін ғалымға тапсырыс берушілер көбейген. Сөйтіп ол екіншісін қолға алады. Оны шөптік дәрілерден жасаған. Ұнтақ қоспаны суға араластырып іше береді екен. Өнімділігі өте жоғары көрсеткіш беріпті.

Ғалымдар тәжірибе барысында өздері өндірген қоспаны демікпесі бар отыз шақты адамға ішкізіп көріпті. Дәрі барлығына жақсы әсер еткен. Бұл туралы ғалым былай дейді: «Әкем жаздай ауырды. Өзіміз жасаған қоспаны әкеме берген едім, ол «отыз жылғы қақырығымды шығарды ғой» деді. Дәрілік қоспаны ауырған адам өзінің сырқатына қарай пайдалану керек. Мысалы, қарсылық қуаты жоғары жастар 3 күн ішкенде жазылып кетуі мүмкін. Ал созылмалы ауруы бар адамдар мен үлкен кісілер он күнге дейін қабылдайды».

Жобаны ары қарай Америка ғалымдарымен бірге жетілдіріп, зерттемекші. Қазіргісі биологиялық қоспа болса, келешекте оны дәрі түрінде жасайды. Жанардың өзі ұзақ жылдар бойы Қытай мен Жапонияда болып, білімін жетілдіріп келген. Сондықтан «бізде ғалым жоқ, ғылым нашар» деген жел сөзді қою керек. Барды бағалаған артық етпейді. Жанардың өзі дәрілік тізбегін жасап берген ғалымдардың жұмысына Америка мамандары жоғары баға берді.

Айтпақшы, аты жаман тұмау басталған уақытта Америка ғалымдары ковидті емдеу үшін жусаннан жасалған дәрі-дәрмектің көмектесетінін айтқан болатын. Іле-шала Қытай ғалымдары құрамында жусаны бар дәрі жасауды қолға алған.

Жарас КЕМЕЛЖАН

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық