jasqazaq.kz

Қанафиннің бапкері сотта жеңіске жетті

08 ақпан 2023, 12:15

Астана соты мәдениет және спорт министрлігін 2022 жылғы Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы Еркебұлан Қанафиннің бапкері С.Дмитриенкоға сыйақы төлеуді міндеттеді.
Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты С.Дмитриенконың мәдениет және спорт минстрлігінің ақшалай ынталандыру төлемін төлеуден бас тартуын заңсыз деп тану және оны төлеуді міндеттеу туралы шағымы қаралды.

Е.Дмитриенко – 2022 жылдың 5 мамырында Бразилияда өткен Сурдлимпиада ойындарында чемпион атанған Еркебұлан Қанафиннің жеке бапкері. Ол 2022 жылдың қыркүйегінде мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетіне, одан кейін министрлікке жүгініп, шәкіртінің жеңіске жетуіне орай өзіне тиесілі ақшалай ынталандырудың төленуін сұраған. Бірақ мемлекеттік органдар Е.Қанафиннің жеңісін мойындамайтынын, Г.Дмитриенко аккредиттелген спорт федерациясынан тыс өздігінен өкілетті органға жүгіне алмайтындығын алға тартып, өтінішін орындаудан бас тартқан.

Бапкердің айтуынша, Е.Қанафиннің жеңісін Халқаралық саңыраулар спорт комитеті мойындап отыр. Сондықтан ол чемпионның бірінші әрі жеке бапкері ретінде ақшалай ынталандыру төлемін алуы тиіс. Сонымен қатар Қазақстанда сурдо дзюдодан аккредиттелген спорт федерациясы жоқ. Осыған орай бапкер өкілетті органнан тиесілі төлемді беруді өзі сұрап жүгінген.
Әкімшілік сот таратқан мәліметте: «Әкімшілік сот бапкердің талабын қанағаттандырды. Оған

С.Дмитриенконың спортшы Е.Қанафинді сурдо дзюдо жарыстарына дайындағаны, ұзақ жылдық жұмысы мен бапкерлігі еңбек кітапшасымен дәлелденгені себеп болды. Сонымен қатар талап етушінің шәкірті Е.Қанафин халықаралық деңгейде мойындалған сурдо дзюдо чемпионы саналады. Оның құлағы естімейтіндігін Алматыда және жарыс алдында Бразилияда өткен аудиограммалар дәлелдейді. Елімізде чемпионнның бапкеріне ақшалай ынталандыру төлемін төлеуге өтініше беретін сурдо дзюдодан аккредиттелген спорт федерациясы жоқ. Сондықтан С.Дмитриенконың өздігінен өкілетті органға жүгінуі дұрыс. Шешім заңды күшіне енген жоқ», — делінген.

JQ-Aqparat

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде