jasqazaq.kz

Қалалық базарларға сатқан: ШҚО-да мал ұрлығымен айналысқан екі күдікті ұсталды

20 қазан 2025, 16:40

Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері өңірдегі бір ауданның екі тұрғынын бірнеше ірі қара мал ұрлығына қатысы бар деген күдікпен ұстады, — jasqazaq.kz ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тергеу мәліметтері бойынша қылмыскерлер ойларын бір схемамен жүзеге асырған. Олар ауыл сыртында жайылып жүрген малды ұрлап, сол жерде сойып, терісін сыпырып, еттерін бөлшектеген. Қылмыстық ойларын жүзеге асыру үшін күдіктілер екі көлік пайдаланған: бір күдікті алда отырып, жолда полиция жоқтығын тексеріп отырса, екіншісі ет салынған көлікпен артынан ілесіп, патруль көліктерінің болмауын қарап отырған. Үйге оралғаннан кейін күдіктілер етті бөліп-бөліп дайындап, оны ауылдық және қалалық базарларда сатқан.

Жедел қызметкерлер оларды бірінің ауласында малды бөліп жатқан сәтінде, оқиға орнында ұстаған. Тергеу барысында ұсталғандардың ірі қара мал ұрлығына қатысты төрт дерекке қатысы бар екені анықталды. Келтірілген шығын сомасы — 2,6 млн теңгені құрады. Сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Полиция облыс тұрғындарына малды уақытылы есепке қою, жануарларды анықтау үшін жетондарды пайдалану және оларды қараусыз қалдырмау қажеттігін еске салады. Сондай-ақ мал жайылымдары өздігінен емес, тек иелерінің немесе олардың бақылауында ғана жүзеге асырылуы тиіс екенін ескертті.

Сурет: Polisia.kz
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді