jasqazaq.kz

Қайыршылар да біреудің «бизнесі»

21 желтоқсан 2018, 13:32

Бұдан былай көшедегі кезбе-қайыршыларға тиын-тебен тастасаңыз, осы әрекетіңіз үшін айыппұл арқалауыңыз мүмкін? Мәжіліс депутаты Шәкір Хахазов үкімет басшысына жолдаған сауалында осындай мәселе көтерді. Ал біз мәжілісменнен қайыршыларға неге сонша шүйліккенін сұрадық.

Jas qazaq: Шәкір мырза, сіз депутаттық сауалыңызда қайыршылар мәселесін көтердіңіз. Бұл тақырып Парламент қабырғасында көтеретіндей соншалықты өзекті ме еді?

Ш.Хахазов: Әрине, өзекті тақырып. Өйткені, 2015 жылы әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске қайыршылық үшін айыппұл түріндегі жазаны көздейтін түзетулер енгізілген болатын. Жаңа кодекс қабылданған кезден бері төрт жылдай уақыт өтсе де, біз заңнамалық түзетудің ешкімге әсері болмағанын нақты айта аламыз. Оның үстіне, кейбір жұмсартылған талаптың арқасында қайыршылық белең алып кетті. Мәселен, Елорданың оң жағалауында ересектер мен балалар – көршілес елдерден келген көшіп-қонушылар да, еліміздің азаматтары да қайыр сұрап жүреді. Мүгедектер арбасындағы адамдарды «қайыр сұрау нүктелеріне» әкеліп, «жұмыс істеуге», «ақша табуға» отырғызып қоятын адамдар бар. Оларды күнде кешке қарай сол адамдары тапқан ақшасымен бірге алып кетеді. Олар – қайыр сұрау арқылы «бизнес» жасап жүрген топ. Құқық қорғау мекемелері мұндай деректердің жолын кесуі тиіс.
Қаланың шеті, базар, вокзал, мешіт пен шіркеудің жанында қайыршылықпен күнелтіп жүргендердің әлеуметтік қолайсыздығы – олардың күн көруге деген жанкешті талпынысын көрсетеді. Ал Астананың әкімшілік орталығы, яғни сол жағалауда тұрғылықты жері жоқ адамдар құрылысы аяқталмаған тұрғын үй кешендерін баспана етіп, аула мен балалар алаңын кезіп жүреді. Олардың көбі маскүнемдер мен нашақорлар, емделмейтін әртүрлі жұқпалы ауру тасымалдаушылар. Қазір суық түскеннен бері қаңғыбастар баспана іздеп, тұрғын үйдің кіреберісіне, жертөле мен жылу люктеріне қоныстана бастады.

Jas qazaq: Сіз бұл мәселені шешудің қандай оңтайлы жолын көрсетер едіңіз?

Ш.Хахазов: Айыппұл сияқты жазалау шарасы баспанасыздар мен қайыршыларды азайтпайтынын дәлелдеп отыр. Оның үстіне, қайыр сұрап жүрген адамға айыппұлды қалай салуға болады? Үкіметке аталған көкейкесті сауалды шешу бойынша анағұрлым ақылға қонымды шара әзірлеу қажет.
Қайыршылар жалқаулық, масылдық көзқарас, қоғамның белсенді мүшесі болуға деген ынтаның болмауы салдарынан осындай күйге түскен. Сондықтан, жүрегі жұмсақ, қайырымды азаматтар оларға садақа беріп, үлкен қателік жасайды. Бұл арамтамақтықты одан сайын өршітетін жағдай. Біздің берген садақамыз оларды тура жолдан тайдырады. Еңбек етуге деген талпынысын жояды. Бұл түйткілді шешу үшін шетелдердің тәжірибесін алған жөн. Ол жақта қайыршыларға емес, оларға садақа беретіндерге айыппұл салынады.

Жарас КЕМЕЛЖАН

Бүгін, 14:29
Школы Туркестанской области вступают в цифровую эпоху
Бүгін, 14:14
Туркестан: В школах «Келешек» реализуются современные образовательные проекты
Бүгін, 13:54
В Туркестанской области активизируют работу по обеспечению занятости населения
01 маусым, 14:55
Алматыда Балаларды қорғау күніне орай инновациялық шығармашылық орталығы ашылды
28 мамыр, 17:07
Алматы облысында төтенше жағдайларға қарсы қандай жұмыстар жүріп жатыр?
28 мамыр, 14:21
Туристический потециал Отырара: новый взгляд на древнее наследие
28 мамыр, 14:02
В Туркестанской области введены в эксплуатацию 29 «Комфортных школ»
28 мамыр, 14:00
Туркестанская область - лидер по краткосрочным экономическим показателям
28 мамыр, 13:59
Туркестан: Ведется строительство солнечной электростанции мощностью 300 МВТ