Фото matrony.ru
Ақмола облысының тұрғыны ұлдарын порнографиялық видео көріп, өзінің жыныс мүшесін ұстауға мәжбүрлеген.
Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, жыныстық мәндегі зорлық әрекеттерін 10 және 12 жастағы балаларына бірнеше мәрте жасаған.
“Анасы оның әрекетін білген кезде, ер адам балаларға қастық жасаймын деп қорқытқан. Сол себепті әйел полицияға баруға қорқып жүріпті”, – дейді дереккөзі.
Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ер адам сол әрекеттері үшін ҚР ҚК 121-бабы негізінде 17 жылға сотталған. Ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейтін болады.
Сондай-ақ ер адаммен бірге тұрған әйел де, ҚР ҚК 434-бабы “Аса қауіпті қылмыс туралы хабарламау” бойынша айыпты болды. Оған бір жылға дейінгі бақылау шарасы тағайындалды. Әйел өкілетті органдардың келісімінсіз жұмыс орны мен тұрғылықты жерін ауыстыра алмайды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.