
Әлеуметтік желіде оқушы қызды ұрып-соғып жатқан бейнежазбаны жария еткен қыз кешірім сұрады деп хабарлайды JQ-Ақпарат.
«Әлеуметтік желіге қыздардың төбелесіп жатқан видеосын салғаныма кешірім сұраймын. Сөйлеген балағат сөздерім үшін де бүкіл елден кешірім сұраймын, – деді ол.
Әкесі де қызын кешіруін өтінді.
Кеше әлеуметтік желіде жасөспірімдердің оқушы қызды ұрып-соғып жатқан видеосы таралған болатын. Оқиғаға қатысты іс қозғалды.