jasqazaq.kz

“Кенжехан” базарын бопсалау қашан тоқтайды?

26 шiлде 2023, 13:58

Бүгін Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесуде «Кенжехан» базарында жұмыс істейтін тұрғын әкімге базар иелерінің модернизациялау үшін жалға алушылардан ақша жинайтынын айтты. «Базар әкімшілігі бізден ақша жинайды. Базарды өз қаражаттарына саламыз деген болатын, алайда ақшаны халықтан қысым, бопсалау арқылы алып жатыр. «Кенжехан базарының бопсалауы қашан тоқтайды? Қала басшысы ретінде бізге назар аударуыңызды сұраймыз», — деді алматылық тұрғын.
Шаһар әкімінің айтуынша, қалада 56 базар бар, «Кенжехан» — ең ірілерінің бірі. «Алматы базарларының дамуы әкімдіктің ерекше бақылауында. «Кенжехан» осы жылдың 1 қаңтарына дейін жаңғырту жұмыстарын аяқтауы тиіс еді. Бірақ пандемияға және басқа жағдайларға қатысты аяқталмай қалды. Олар базарды жаңғыртуға қатысты шешім қабылдап, қаражат жинайтындарын айтқан болатын. Өкінішке орай, шарттық қатынастар бар, адамдар қағазға өздері қол қояды», — деді Ерболат Досаев.
Алматы прокуратурасы қазір «Кенжехан» базарына қатысты кешенді тексеру жүргізіліп жатқан көрінеді.

JQ-Aqparat

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық