
Елдің оңтүстігі мен шығыс аймақтарында кене шағу оқиғалары биыл әдеттегіден жиілеп тұр. Оңтүстік Қазақстанда кене тістеді деп дәрігерге шағым айтушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 55 пайызға артқан — деп хабарлайды Астана телеарнасы.
Ал Шығыс Қазақстан облысында зиянкес жәндіктер мерзімінен бір айдай ерте оянған. Қан сорғыштарға шағым айтқан тұрғындар саны күн санап артып барады. Абырой болғанда, адамдар аман, есесіне, кененің шағуынан төрт түлік өліп жатыр.