
Ақтөбеде екі баласымен көшеде түнеп жүрген ер адам көпшіліктің назарына түсті. Ерлан Елубаев өзін балалар үйінің тәрбиеленушісімін деп таныстырды. Оның қалаға келгеніне екі күн болған. Айтуынша, осы уақытқа дейін Шалқар ауданында біреудің малын баққан.
«Әйелім қазір жоқ. Өзім екі баламен жүрмін. Қалаға келгеннен кейін ол кетіп қалды. Тұратын жерім болмай қиналып жүрмін. Осы уақытқа дейін пәтер жалдап тұрдым. Ақша болмағаннан кейін ол жақтан шығарып жіберді. Балалар үйінде тәрбиеленгендіктен, ешқандай туыстарым жоқ. Малды ауылға да бардым. Балаларымды асырау қиын болып кетті. Сол себепті қалаға келген болатынмын. Әйелім кеше кетіп қалды. Телефонын алмай тұр. Хабарласа алмай отырмын. Балалар мамасын сұрап жүр. Балалардың үлкені 5 жаста, кішісі 2 жаста», — дейді Ерлан Елубаев.