jasqazaq.kz

Келесі лимит алдағы айда қолжетімді болады

06 ақпан 2023, 16:20

«Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ басшысының орынбасары Жанар Ибрашева автонесие лимиті келесі айда қолжетімді болатынын хабарлады.

«Платформада берілген 761 орын екенін білесіздер. Осы міндетке жеткен уақытта өтінімдерді қабылдау автоматты түрде тоқтатылды. Сол кезде платформада 1060 деген код пайда болды. Ол лимит тоқтатылды дегенді білдіреді», – деді ол.

Платформа іске қосылғаннан бастап сайтқа бір миллионнан артық пайдаланушы кірді. 761 адам 18 секундта өтінімін тіркеді.

«Бағдарлама ұзақ мерзімге арналған. Келесі лимит алдағы айда қолжетімді болады. Бүгін әртүрлі себептермен кейбір азаматтар үлгермеген болса, келесі айларда тіркеуді жоспарлауға болады, – деді ол.

Алайда наурыздағы тіркеу қашан болатыны әлі белгісіз. Ал өтінімі тіркелетін адам саны жиналған қаржы көлеміне байланысты шамамен 100 адам деп жоспарланып отыр.

JQ-Aqparat

16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді
10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті