jasqazaq.kz

Келер оқу жылынан 5-8 және 10 сыныптарды тәмамдаған оқушылар қазақ тілінен емтихан тапсырмақ

23 қантар 2023, 10:47

Келесі оқу жылынан бастап 5-8 және 10 сыныптарды аяқтаған оқушылар қазақ тілінен емтихан тапсыруы мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған Оқу-ағарту министрінің бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2023-2024 оқу жылынан бастап негізгі орта (5-8 сыныптар), жалпы орта (10 сынып) деңгейінде академиялық жылды аяқтаған кезде қазақ тілінде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі» пәні бойынша және қазақ тілінен басқа тілде оқытатын мектептерде «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша емтихан енгізіледі. Қазақ тілі бойынша емтихан оқу бағдарламасын меңгеру қорытындысы бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес, жазбаша және ауызша нысанда өткізіледі. Емтиханды өткізу уақыты білім беру ұйымының педагогикалық кеңесімен айқындалады. Тапсырмаларды академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, педагогтер құрастырады және білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді. «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндері бойынша қорытынды баға емтихан (5 балдық шкала бойынша) және жылдық бағалау (5 балдық шкала бойынша) нәтижелері негізінде 30-70% пайыздық арақатынаста қойылады. Қорытынды бағалау ең жақын бүтінге қарай дөңгелектеледі», — делінген құжатта.

Бұйрықтың түсіндірмесінде жазылғандай, мұндай өзгеріс қазақ тілінің мәртебесін көтеру мақсатында енігізілгелі отыр.

«Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында 5-8, 10 сыныптарда қазақ тілі бойынша емтихан енгізіледі», — деп түсіндірме берілген бұйрыққа.

Ескеретіні — бұл норма 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұйрық 3 ақпанға дейін көпшілік талқылауда болады.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді