
59 келі салмақ дәрежесінде Алмат Кебіспаев 1/8 финалдағы белдесуін аяқтады. Нәтижесінде қарсыласына есе беріп, келесі кезеңге өте алмады.
Алғашқы кезеңде жапон балуаны Шинобу Ота 2 ұпаймен алда келе жатты. Екінші кезеңде Ота тағы 4 баллмен басым болып, 6:0 есебімен жеңіске жетті. Егер жапон балуаны финалға шығатын болса, Алматтың олимпиада қоласына таласуға мүмкіндігі ашылады.