jasqazaq.kz

Әке балаға 400 млн теңге қарыз

16 қыркүйек 2016, 18:51

Астана қаласы бойынша жеті мыңнан астам баланың әкесі 400 млн теңге көлемінде алимент төлемей жүр. Бұл туралы бүгін қалалық прокуратурада өткен жиыннан соң журналистердің сұрағына жауап бере отырып Астана қалалық прокуратурасының төртінші басқарма прокуроры Серік Ізтілеуов мәлім етті.

«Бүгін өздеріңіз көргендей, Астана қаласының покуратурасында алимент берешегін азайту жобасы талқыланды. Бұл жобаның басты мақсаты — алимент берешегін төлемей жүрген борышкерлерді жұмыспен қамтамасыз ету. Сол арқылы, алимент ала алмай жүрген жасөспірімдерге ақшасын алып беру. Қазіргі таңда Астана қаласы бойынша жеті мыңнан аса жасөспірім алимент ала алмай жүр. Жалпы қарыз — 400 млн теңгеге жетті. Сондықтан, бүгінгі мақсатымыз — Астана қалалық әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы арқылы, Астанадағы бизнес өкілдерімен, құрылыс компанияларымен ынтымақтастық орната отырып борышы бар әкелерді жұмыспен қамту жобасын  бастадық», — дейді С.Ізтілеуов.

Жалпы, прокурордың айтуынша, Астана қаласы бойынша он тоғыз мың адам алимент төлеуге міндеттелген.

«Алимент алуы тиісті балалар саны жиырма тоғыз мың жеткіншек. Жоғарыда айтқан 19 мың әкенің екі мыңға жуығы жұмыссыз ретінде тіркелген. Тиісінше, олар алимент төлей алмайды. Бірақ, прокуратура бұндай әкелерді жазалаудан гөрі, алдын алу шараларын қолдану дұрыс деп тапты. Сондықтан, «Алимент берешегін азайту» жобасын қолға алды. Жобаның мәні неде? Жоба аясында прокуратура жоғарыда айтқан жұмысы жоқ екі мың азаматты мамандықтары, дағдылары бойынша категорияларға бөліп, алғашқы бес жүз адамды құрылыс компаниялары мен электр маманы, сантехник сияқты мамандар іздеген компанияларға ұсынды. «Naimi.kz» интернет сайтымен ынтымақтастық орнатып, алимент бойынша қарызы қалыптасқан адамдарды сайтқа тегін тіркеу туралы келістік. Бұл сайтқа күніне екі жүзге жуық адам тіркеледі екен. Сондай-ақ, Фейсбук әлеуметтік желісінде «Еңбек-Алимент» парақшасын тіркедік. Бұл парақшаға борышкерлер өз резюмелерін орналастыра алады», — дейді С.Ізтілеуов.

ҚазАқпарат

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық