jasqazaq.kz

Казино шекара түбінде екен

22 желтоқсан 2016, 22:17

Алматы облысында тағы бір астыртын казино жабылды. Оңай олжаны көздегендер бұл жолы ең ақшалы жерді таңдапты. Яғни, дәл қазақ-қытай шекарасындағы «Қорғас» сауда орталығын ойынхана ордасына айналдырған.

ktk.kz хабарлағандай, құмар ойынға құныққандардың әрекетін әшкерелеу үшін Алматы облыстық экономикалық қылмысқа қарсы күрес қызметі бірнеше күн бойы дайындалған екен. Олар казиноға баса көктеп кіргенде, ішінде қырыққа жуық Қытай азаматы болыпты. Бұл жерден төрт покер үстелі, ойын карталары, фишкалар мен елу мың юань тәркіленді. Қазір құзырлы органдар қатаң күзетілетін аумақта ойынхана ашқан азаматтарды іздестіріп жатыр. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Жақсылық Мырзахан, Алматы облыстық мемлекеттік кіріс департаментінің маманы:

Бұл азаматтар үш айға жуық заңсыз ойынхана жұмысын жүргізіп келген екен. Көбінесе бұл ойынханаға Қытай азаматтары келген және жұмысшылары да сол елдің азаматтары болып табылады.

27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық
16 шiлде, 15:27
Ержан Жаров: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – жаңа заңның басты мақсаты
15 шiлде, 14:24
Қазақстан Қарулы Күштерінде цифрлық технологияны енгізу басым бағытқа айналды