jasqazaq.kz

Каспий құбыржелісі консорциумында 3-ші қондырғыны жөндеу аяқталды

25 қантар, 16:47

Қазақ мұнайын әлемдік базарға апаратын Каспий құбыржелісі консориумының теңіз терминалында қара майды танкерге тиейтін 3-ші қондырғы қайта іске қосылды.
Консорциум хабарлағандай, жөндеу жұмысы барысында су астымен тартылған шлангы пен “жең” ауысытырлды. Осылайша, енді мұнай 1-ші және 3-ші қондырғы (айлақ) арқылы танкерге жеткізіледі. Ал 2-ші қондырғыны қалпына келтіру бойынша жұмыс жалғасып жатыр.
Еліміздің энергетика министрлігі 3-ші қондырғының іске қосылуы Қазақстан мұнайын жоспарлы кесте бойынша экспортқа жөнелтуді қамтамасыз ететінін мәлімдеді.
Айта кеткен жөн, былтырғы қараша соңында дрон шабуылы кезінде 2-ші және 3-ші қондырғылар істен шыққан болатын.
Айта кеткен жөн, осы бағытпен Қазақ мұнайының 80 пайызы әлемдік нарыққа жөнелтіледі.
JQ-Aqparat

Сурет: КҚК ТГ 

10 қараша, 20:03
«COP31»: Әділ, теңгерімді көзқараспен нақты нәтижеге
10 қараша, 16:00
Азамат Ешанқұл: Алматыдағы қоғамдық көліктің 81,2%-ы экологиялық таза отынға көшті
10 қараша, 14:34
Шымкентте Президент Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті
09 қараша, 12:51
Әлішер Бекенов: Жылу шығынын азайту энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді
05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
05 қараша, 15:36
«Бәріне ортақ журналистика» - жаңа белестің бастауы
05 қараша, 15:17
«Бәріне ортақ журналистика»: Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған курс өз мәресіне жетті
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді