jasqazaq.kz

«Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар». Шахизаданың жаңа образы жұртқа ұнамай қалды (Видео)

08 желтоқсан 2023, 14:42

Танымал әнші, еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Шахизада жаңа жылдық образын көрсетіп, сынға қалды. Әлеуметтік желіге неше түрлі жылтыр көйлекті көрсеткен әншіні оқырмандары жақтырмай қалды.
“Фигура қалай былай?! Өзіме өзім ғашықпын ғой мен. Өзімізді қолға алып, осылай сұлу болып жүру әрқайсымыздың қолымыздан келеді ғой, қыздар! Өздеріңді бірінші орынға қойып, өздеріңе қарап жүріндер, сұлуларым!”, – жазды әнші.
Алайда киімі мен биі үйлеспеген әншіні оқырмандары сынап тастады. “Кәрі түйе ойнақтаса жұт болар деген сөз дұрыс айтылыпты” деген оқырманына, әнші: “Осы сөзді естімегелі көп болып еді” деп әзілдеді. “Ұят-ай, жүкті екенсіз” деп таңғалған оқырманына, “Менің жасымда осындай фигураға жетіп ал” деп ұрысып тастады. Алайда әншіні сабырға шақырған оқырмандарына “Несі бар, қазақта Алпысбай, Жетпісбай ла туған” деп жауап қатты. Әншінің көйлегін ұнатпаған енді бір оқырманы: “Әжемнің “буаз кесіртке сияқты не киіп алған?” деген сөзі есіме түсіп тұрғаны” деді. Алайда әншінің кейбір оқырмандары қолдап, дене бітімі мен сұлулығына жақсы пікір жаудырып жатыр.

&nbsp

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Shakhizada Baipatchanova (@shahizada.art)

;

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Инвестиция: Капитал тартудан технологиялық серіктестікке дейін
Бүгін, 13:51
Қандай жағдайда интернет-алаяқтыққа ұшырағандардың ақшасы қайтарылады?
28 маусым, 14:40
Алматыда БАҚ қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды
27 маусым, 19:26
«Қымызмұрындық – 2026»: Қарқарада ұлттық рухты ұлықтаған ұлы думан өтті
26 маусым, 20:01
Алматы облысының БАҚ өкілдеріне пәтер кілті табысталды
26 маусым, 16:54
Қызылордада БАҚ қызметкерлері кәсіби мерекеде баспаналы болды
26 маусым, 12:38
Мемлекеттік кеңесші: Президент реформаларының ең үлкен жемісі – қоғамдық санадағы сілкініс
25 маусым, 12:55
Нурпеис Акбаев: Развитие языка - общая ценность, объединяющая все этносы нашей страны
25 маусым, 12:51
Серикбай Пиримбеков: Расширение сферы применения государственного языка — системный и непрерывный процесс