Бұл күндері елордалық полиция ұсақ бұзақылыққа тіптен төзбейтін болған. Бүгін 27 жастағы астаналық азаматшаға 15 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Астаналық арудың айыбы сол, ол теміржол вокзалы аумағында аузын толтырып, түкіріп тастап жүре берген.
Белгісіз арудың бұл қылығын байқап қалған бір азамат дереу жергілікті полиция қызметіне қоңырау шалған. Бүгін осы факті бойынша өткен көшпелі сот отырысы арудың әрекетін заңға қайшы деп тауып, әкімшілік жаза бойынша айыппұлға кесті. Кінәсін мойнына алған қыз бұдан бұлай ол әдетін қайталамауға уәде беріпті.