
Қазақстан Жаһандық әскери күш-қуат рейтингінде 13 орынға көтеріліп, 53-ші орынды иеленді. Бұл туралы мәлімет Global Firepower рейтинг сайтында жарияланды.
Қазақстан әскери күш-қуат рейтингіндегі жағдайын жақсартып, 53-орыннан көрінді, – деп жазады bnews.kz.
Global Firepower рейтинг жасау кезінде елдің технологиялық жабдықталуы, экономикалық жағдайы және географиялық орналасуы секілді 50 түрлі факторды ескерді. Сондай-ақ танктер, ұшақтар мен әскери кемелердің саны есепке алынған екен.
Үздік үштікке АҚШ, Ресей және Қытай енген. Үндістан төртінші орынды иеленіпті. Орталық Азия елдерінен Өзбекстанның әлеуеті мықты. Көршілес ел 48-орында. Ал Беларусь Республикасы 49-шы орында.
GFP рейтингінде барлығы 106 елдің әлеуеті қаралды. Рейтингте ядролық қарудың қуаты ескерілген жоқ.
Айта кетейік, ең соңғы орында Африка Республикасы тұр.