jasqazaq.kz

Көпбалалы ана 6 жыл бойы кіші ұлын айуандықпен қорлап келген

06 маусым 2017, 19:09

2012 жылдың сәуір айында украиндық журналист Оксана Сябро өзінің Facebook парақшасына Саша есімді бала туралы жазды. Баланың жасы 6-да. Саша отбасында алтыншы бала. Әйелдің айтуынша, анасы оны басқа балаларынан бөлектейді. Бала ас үйде ескі керуетте ұйықтайды екен. Анасы оны жиі соққыға жығады. Бір күні тіпті 2 тісін балғамен ұрып түсірген. Оның бар кінәсі үстелде тұрған тамақты жегені. Ең қызығы туған ауылында оны керемет ана деп есептейді екен.

Оның басқа балалары мұнтаздай таза жүреді. Ал Саша ауырып қалғанын айтып, өзгелерге көрсетпейді. Саша жазда қысқы етікпен жүреді екен. Себебі бұл оның жалғыз аяқ киімі. Оның тіпті өз іш киімі де болмаған. Саша ағаларының ескі киімдерін киіп жүрген. Бұл жағдай туралы журналистер естігеннен кейін бірден Сашаның тұратын ауылына қарай тартады. Сашаның нені қалайтынын сұраған журналистерге тек сорпа мен жуынып алуын сұраған.

Қатыгез әйелді түсіруге келген түсірілім тобын көргенде әйел көпбалалы ана екенін айтып, үй алуға қаражат сұрамақ болған. Алайда мұнда Саша үшін келгенін білгенде әйел қорқып кеткен. Ол перзентханада баласын ауыстырып алды ма деп қорыққанын айтқан. Одан кейін Саша үнемі оның ашуына тиетінін мойындаған. Отбасы мүшелерінің барлығы анасы оны күнде ұратынын мойындады. Әйелді полицейлер алып кеткен. Қазір бала ауруханада. Онда ол ыстық тамақ ішіп, жылы төсекке ұйықтай алады.

qamshy.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық