jasqazaq.kz

Күлікбаевтің кесірі тиді

14 қыркүйек 2016, 22:16

Бүкіл Алматыны үрейде ұстап, жолындағы бірнеше адамды атып тастаған Руслан Күлікбаевтың қылмысынан соң қызметімнен айырылдым деген Қызылорда облысының тұрғыны Алмаз Тұрғанбаев әділдік іздеп шарқ ұрып жүр. Он жыл қызмет еткен саласынан бір сәтте босатылған тұрғын арнамыздан көмек сұрап келді.

Алмаз Тұрғанбаев Ішкі Істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінде осыған дейін криминалдық  полиция бөлімінің аға жедел уәкілі болып қызмет атқарған. 18 шілде күні Алматыда құзырлы орган өкілдеріне оқ жаудырып, бірнешеуін жаралап, қарсы келгендерін аяусыз атып тастаған Руслан Күлікбаевтың  лаңкестік әрекетінен соң Алмаз Тұрғанбаев қызметімнен айырылдым дейді.  Айтуынша, басшылары азаматқа бақылауындағы Күлікбаевқа салғырт қарадың деп айып таққан. Сөзінше, өзімен бірге тағы 3 қызметкер лауазымынан босатылған екен. Алайда экс-полицей адал еңбегі мен маңдай тері сіңген саласына қайта орналасқысы келетінін айтады.

Алмаз Тұрғанбаев, Байқоңыр қаласының тұрғыны:

-Менімен бірге жұмыстан шығып кеткен 4 баланың екеуін қайтадан алып алыпты. Білмеймін, қай негізде алып алғанын. Бірақ сол себепті менің негізгі ойым менің қайта жұмысқа тұруыма құқығым бар.

Және де тұрғын Руслан Күлікбаев жасаған теракттың  алдында да басшысынан қысым көргенін айтады. Енді ол өзі қызмет еткен Байқоңыр өкілдігіне қайта жұмысқа орналасу үшін алдағы уақытта басқа да органдарға шағымданамын деп отыр.

Айта кетейік,  Руслан Күлікбаев осы жылдың 18 шілдесінде Алматыда атыс шығарып, салдарынан бес адам қаза тапқан еді.

31.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық