jasqazaq.kz

ҰҚК әлеуметтік желілерді ескертусіз бұғаттау бойынша мәлімдеме жасады

21 қантар 2017, 17:24

2016 жылғы 22 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен «Байланыс туралы» Заңның 41-1 бабы, келесі мазмұндағы 1-2 тармағымен толықтырылды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі арнайы мәлімдеді.

«Кейінге қалдыруға болмайтын және ауыр және аса ауыр қылмыстардың, сондай-ақ қылмыстық топ дайындайтын және жасайтын қылмыстардың жасалуына әкеп соғуы мүмкін жағдайларда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, оның орынбасарлары немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарының бастықтары не оларды алмастыратын адамдар кейіннен байланыс саласындағы уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын жиырма төрт сағат ішінде хабардар ете отырып, жедел-іздестіру қызметінің барлық субъектілерінің мүддесінде байланыс желілерінің және құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға немесе оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұруға құқылы.

Байланыс желілерінің және құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға немесе оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді тоқтата тұру тәртібі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісу бойынша жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс саласындағы уәкілетті органның бірлескен нормативтік құқықтық актісінде айқындалады» — делінген баспасөз хабарламасында.

Бұдан өзге көрсетілген баптың 1) тармақшасы, 3-тармағы келесідей өзгертілді:

«1) уәкілетті органнан немесе Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарынан осы баптың 1, 1-1 және 1-2-тармақтарында көрсетілген нұсқаманы немесе шешімді орындау жөнінде шаралар қолдану туралы талапты алғаннан кейін оны байланыс желілерінің және құралдарының жұмысын, байланыс қызметтерінің көрсетілуін, интернет-ресурстарға және оларда орналастырылған ақпаратқа қол жеткізуді уақытша тоқтата тұру жолымен үш сағаттан аспайтын уақыт ішінде орындауға міндетті» — дейді баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде заңнамада көрсетілген өзгертулерге кейбір субъектілер тарапынан теріс түсінік беру байқалуда, осы орайда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті біршама түсініктемелер беруді қажет деп тапты.

Атап айтқанда, жоғарыда көрсетілген құқық нормасы өңірлік интернет-сервистері мен байланыс желілерін жаппай тоқтатуды көздемейді, себебі қолданыстағы заңнамада Бас прокурор мен байланыс саласындағы уәкілетті органға антитеррорлық операция жүргізу барысында, қоғамдық тәртіп пен БАҚ саласындағы өзге де заңнамаларды бұзушылық туындаған жағдайда желілер мен байланыс құралдарын пайдалануды шектеу үшін құқықтық негіз қарастырылған («Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» және «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары)

Сонымен бірге ұлттық қауіпсіздік органдары тарапынан байланыс қызметін тоқтату туралы шешім ауыр және аса ауыр қылмыс жасауға соқтыруы мүмкін сыбайластарын ақпараттандыру және іс-әрекетін үйлестіруге жол бермеу мақсатында нақты абоненттерге қатысты қабылданатын болады.
Желілер мен байланыс құралдары қызметін тоқтату Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен келісілген жедел-іздестіру қызметі субъектілері мен байланыс саласындағы уәкілетті органның бірлескен бұйрығы негізінде тиісті операторлармен іске асырылатын болады.

Естеріңізде болса бұған дейін ҰҚК әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарын ескертусіз тоқтату туралы ақпарат тараған болатын.

Baq.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық