jasqazaq.kz

Көкшетаулық қарақшылар Қызылжарда ұсталды

01 наурыз 2017, 14:42

Петропавлда бірнеше пәтер тонап, Көкшетауға бет алған қылмыстық топ Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының Келлеровка ауылында қолға түсті. Күдіктілер 5 жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Baq.kz  хабарлағандай, пәтер тонап, оңай олжаға кенелмек болған 4 жігіттің 3-еуі нашақор, бұрын сотталған. Барлығы да Көкшетау қаласының тұрғындары. Күдіктілер 4 үйді тонағандарын мойындады.

«Барлық эпизодта ұрлық күндіз, үй иелері жұмыста болған уақытта жасалған. ҚР Қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша бойынша іс қозғалды. Төрттіктің басқа да қылмыстарға қатысы болуы мүмкін», – дейді Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Сәния Исембаева.

Күдіктілерді тінту барысында полицейлер есік құлыптарын ашатын қайқы кілттер, алтын бұйымдар, ақша мен қымбат тондарды тауып алған.

«Қолымызда үш түрлі кілт болды. Соларды пайдаланып, пәтерлерді ашып отырдық. Қолға түскен бағалы заттардың барлығын алдық»,– дейді күдіктілердің бірі.

Екі айда Солтүстік Қазақстан облысының 200-ден астам тұрғыны пәтері тоналғандығы жайында полицияға арызданған. Аталған қылмыстардың 85 пайызы ашылды.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық