jasqazaq.kz

«Көкек-әкелердің» қарызы 70 миллионнан асты

13 ақпан 2017, 19:43

Солтүстік Қазақстан облысында 126 адам алимент төлемегені және басқа да қарыздары үшін іздестірілуде. Полицейлер борышкерлерді табуға арналған үшкүндік акцияны қорытылады, деп хабарлайды Baq.kz.

Көші-қон полицейлері бірінші кезекте қарызын төлеуден қашып жүргендердің мекен-жайын анықтады. Петропавл қаласы бойынша «көкек әкелердің» балаларына төлейтін алимент қарызының жалпы сомасы 70 миллион теңгеден асып кеткен. Көш басында тұрған борышкердің берешегі 3 миллион теңге. Екі баланың әкесі 4 жыл бойы балаларына алимент төлеуден жалтарып жүрген көрінеді.

«Бұған дейін қолдарына сот шешімі табысталса да, кейбіреулері өздерінің іздеуде жүргендерін бірінші рет естіп тұрғандықтарын айтып, білмеген сыңай танытатын. Тәртіп сақшыларының ескертуінен кейін борышкерлер түрлі себептерді алға тартып, енді қарыздарын біртіндеп өтейтіндіктерін айтты», — дейді Солтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті Көші-қон полициясының бастығы Еркетай Тұтқышев.

Үшкіндік барысында іздеуде жүрген 33 борышкер табылды.

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты