
Талас қаласындағы 21 жастағы Бегімай (аты өзөгертілген) өлімге үгіттейтін «Көк ит» ойыны туралы айтып берді.
Оның айтуынша, жеткіншек қыз Инстаграм мен Вконтакте әлеуметтік желісіне тіркелген. «Басында бұл ойынға жай ғана қызығушылығым болды. Түгелдей кіріп кететін ойым болған жоқ. Мен кеше ғана тіркелгенмін. Содан кейін маған «сен ойындасыңба?» деген хабарлама келді. Мен ия деп жауап қаттым. Бірнеше сәттен кейін маған «қолыңа көк киттің суретін сал» деген қайта хабарлама келді. Мен қолыма көк киттің суретін салып, оны суретке түсіріп жібердім. Содан кейін «сен ойындасың» деген жазу келіп, мені бұғаттап тастады. Түнгі сағат 4:20да маған тағы сұрақтар келе бастады. Ондағы бірінші талап «қолыңды кесіп, қанның суретін жібер» деп жазылған. Алайда мен фотошоппен сурет жасап жөнелттім. Енді бүгін тағы түнгі сұрақтарын күтіп жатырмын» — деді ол. Мұнымен қатар ғаламторда тілдесетін ғайып жан, ойынға үлкен адамдарды қоспауын айтқан. Қосылған ересек адамдарды бірден өшіріп отырады екен. «Бұл ойында көбіне 10-16 жас аралығындағы жасөспірімдердің ұсынысын бірден қабылдайды. Үлкендердің парақшасынан бірден бас тартып, хабарламаға пропагандалған видеолардың сілтемелерін жіберіп, көруді талап етеді» — дейді Бегімай.
https://www.youtube.com/watch?v=_rUfCS3XlFE