jasqazaq.kz

ҰҚК Ермек Нарымбаевтың қалай шекара асып кеткенін білмейді

21 шiлде 2016, 1:28

72daa0a320f82f54a77620cb52717aed

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер сотталған Ермек Нарымбаевтың қалай шекара асып кеткенін білмейтіндерін мойындады. Бұл туралы Abaz.kz порталына сілтеме жасап 365 info хабарлады.

«Азамат Нарымбаев Ермек Ерсайынұлының Қазақстан Республикасы шекарасының өткізу бекеттерінен өту фактісі тіркелмеген. ҰҚК Шекара қызметі бұдан өзге ешқандай ақпаратпен бөлісе алмайды», — дейді ҚР ҰҚК ШҚ бас штабы басшысының міндетін атқарушы Олег Колесников тілшілерге берген сұхбатында.

Ал, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов болса орын алған жайтқа байланысты қандай да бір пікір білдіруден бас тартуда.

Украина астанасы Киевте жүрген Нарымбаевтың өзі болса мемлекеттік орган қызметкерлерінің «босаңсуының» арқасында шекарадан қиналмай өтіп кеткенін мәлімдеді.

«Бізді шекарашылар байқап қойды, атып тастайды ма деген қауіп болған. Бірақ, құдайға шүкір, біз тікенді сымның астынан өтіп, шекара астық. Бірінші рейспен ұшып кеттік, 4-5 күн шамасында Киевке де жеттік», — деді Ермек Нарымбаев.

Айта кетейік, биыл жыл басында Алмалы аудандық соты Нарымбаевты ұлттық араздықты тудырды деп айыптап, үш жылға бас бостандығынан айырған болатын. 30 наурызда Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы істі қайта қарап, оның жазасын бостандығын шектеумен алмастырды. Ол құзырлы органдардың рұқсатынсыз тұрғылықты мекен-жайын тастап кетпеуі тиіс еді.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық