
Рудный тұрғыны үйлену тойын жасау үшін банктен ақша ұрламақ болған. Алайда күдікті қылмыс үстінде ұсталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
26 жастағы күйеу баланы банк күзетшісі қолға түсірді. Ақша күдіктіге үйлену тойын жасау үшін қажет болған. Айтуынша, қаржы институты оған кредит бермей қойған. Сөйтіп шарасыздықтан осындай қадамға барыпты.
Аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Қостанай облысы ІІД баспасөз қызметі.