
Ақтөбеде екі тәртіп сақшысы қызметтік көлігінде ұйықтап қалды. Қисынсыз оқиға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Еспановтың кезекті есеп беру жиналысында орын алған. time.kz хабарлағандай, қала сыртындағы Құрайлы елді мекенінде болған жиналысқа дейін тұрғындардың көлігін ғимаратқа жолатпаған тәртіп сақшылары, жиналыс басталғанда қатты шаршаған болуы керек. Әкім өткен жылды қорытындылап, елді мекеннің проблемаларын талқылап жатса, тәртіп сақшылары тыныштықты күзету орнына, қалың ұйқыға кеткен.

Оқиға куәгері журналист Антон Пережогин: «Екі полицейді көріп «Бальзаминнің тойы» фильмі есіме түсіп кетті. Фильмде маңызды қонақтарды күтерде халықты қуған полицей, қонақтар келісімен ұйықтап қалады. Менің шамыма тигені көпшіліктің тәртібін күзету орнына, ұйықтап жатыр. Өткен жылдағы оқиғаларды еске алсақ, полицейлерге босаңсуға болмайды», — дейді. Осыдан үш жыл бұрын осыған ұқсас оқиға Ақтөбеде орын алған. Нәтижесінде тәртіп сақшыларының командирі жұмыстан қуылған болатын.