jasqazaq.kz

Әй, бай-бағылан, намысың болса, жүрегің болса, оян!

30 сәуiр 2017, 18:00

Қазақстанда бай-бағыландардың қатары көп. Бір ғана байдың зәулім сарайы мен қымбат көлігінің құны қаншама қазақстандықты баспанамен қамтамасыз етуге жетер еді.

Алайда отандық байлар қайырымдылықпен айналысуға асықпайды. Бұл туралы ұлттық арнадағы «Мәселе» бағдарламасында көтерілді, – деп хабарлайды Qasym.kz

Елдегі 18 миллион адамның 15% шылқыған бай. Бай болғанда, енді француз ханшайымы Мария Антуанетта айтпақшы, «нан болмаса торт жесін» дейтін байлар. Түске кірмеген курорт, зәулім сарай, танк іспетті көліктерден ғана көрінетін байлар. Оларды тек Forbes тізімінен ғана табасың. Күнде торт жеп жүрген мұндай бақуатты жандарға Президент үлкен месседж айтқан:

«Бізде қалай? Үй салсаң төрт этаж. Қазір не істерін білмей жүр соны. Машина ең үлкен болуы керек. Танк іспетті машина жасасаң, соны алар еді біздің жігіттер. Біздің азаматтар бай болуды үйрену керек»

Президент айтты, бірақ гаражды көлікке толтырған адам аз.
Ал ең қымбат үйді іздеген біз «Крыша.kz» сайтында сатылымға шыққан мына зәулім үйдің бағасын көріп, шалқадан түсе жаздадық. Алматыдағы он бөлмелі сарай 961 538 461 538 тг (!) саудаланып жатыр екен. Бұл соммаға 100 мыңнан астам адам Астанадан 1 бөлмелі пәтер алып, қоныс тойын тойлар ма еді?
Келген қонақты құт деп, төрімізді беріп, алдына ас, ақсақалына бас қойған қазақтың ішінде қайырымды іске қайырыла қоятыны тым қат екен.
Әлемдік САҒ қорының ресми тізімінен көруге болады. Мұқтаж жандарға қайырымдылық жасайтын жүрегі жұмсақ адамдар тұратын мемлекеттердің көшін Мьянма, АҚШ және Австралия бастап тұр. Ал көрші елдерде Өзбекстан 11 – орында, Қырғызстан 34- орында. Сараптама жасалған 140 мемлекеттің ішінде 96 орында тұр.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық