jasqazaq.kz

Іздеуде жүрген бизнесмен Уфада ұсталды

14 желтоқсан 2016, 15:56

Қазақстанда іздеуде жүрген жалған кәсіпкер Махамбет Ерназаров жасанды төлқұжатпен Уфада ұсталды, деп хабарлады  ХАА Башқұртстан астанасы прокуратурасы. Уфада сот алдында 35 жастағы Қазақстан азаматы Махамбет Ерназаров жауап береді.

ҚазАқпарат хабарлағандай, ол көрінеу жалған құжат пайдаланғаны үшін айыпталуда. Қазақстан Мемлекеттік кіріс департаменті Экономикалық тергеу қызметінің деректеріне сәйкес, Махамбет Абайұлы Ерназаров мемлекетке ірі шығын әкелген жалған кәсіпкерлігі үшін іздеуде жүрген. Ол Ақтөбеде «Инвест Холдинг Қазақстан» ЖШС басшысы болды. Ер адам тегін ауыстырып РФ азаматтығына жасанды төлқұжат алған. Оған қылмыстық жауапкершіліктен қашу үшін жасанды құжат қажет болған. Осы жылы қазанда ол ЖҚҚ МИ қызметкерлеріне жалған төлқұжат ұсынған. «Ерназаров қылмысын толықтай мойнына алды. Қазір шетел азаматтарын уақытша ұстау орталығында, экстрадицияны күтуде», — делінген прокуратура хабарламасында.

 

05 қараша, 18:32
Тарих қойнауынан табылған жазу немесе ғалым мен қаламгердің үндестігі
04 қараша, 14:18
Аршат Бақтыгереев: Қаланың жасыл қорын сақтау – басты міндеттердің бірі
04 қараша, 14:12
Шымкентте ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу жобалары кеңейіп келеді
04 қараша, 14:04
Каха Имнадзе: Қазақстанның өңірлік интеграцияға серпін беруі – заңды құбылыс
04 қараша, 12:44
Данияр Жүсіпов: Табиғи қауіптің алдын алу – басты назарда
02 қараша, 14:24
Айман Оспанова: Шымкентте медициналық көмекті цифрландыру мен жаңғырту жұмыстары күшейді
29 қазан, 14:55
Шымкент жастары: жүйелі қолдау және жаңа бастамалар
29 қазан, 13:08
Шымкент: Төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстары күшейтілуде
28 қазан, 18:31
Шымкент: Шағын өндіріс алаңының шапағаты