jasqazaq.kz

Ірі көлемде есірткі тасушы құрықталды

18 қантар 2023, 13:03

Тараз қаласына ірі көлемдегі есірткі затын жеткізіп беруші күдікті ұсталды. Бұл жайында Polisia.kz хабарлады.

Жамбыл облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері алдын ала ұйымдастырып жүргізген операциясы барысында есірткі заттарын өткізетін арнаны тапқан. Меркі ауданының 48 жастағы тұрғыны Тараз қаласына ірі көлемдегі есірткі затын жеткізуді жоспарлап отырған. Күдіктінің тұрғылықты жеріне жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп, 5 келі 864грамм гашиш пен 1 келі 280 грамм кептірілген марихуана табылған. «ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғанын» мәлім етті Polisia.kz.

Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр
12 қараша, 14:55
Шымкентте қауіпсіздік инфрақұрылымы кеңейіп келеді