jasqazaq.kz

Иранның әскери инфрақұрылымдарында бірнеше қуатты жарылыс болды (Видео)

29 қантар 2023, 10:22

Шығыс Әзербайжан провинциясындағы Шахид-Салими қаласында қозғалтқыш майларын шығаратын ірі зауыт өртенді. Ұшқышсыз ұшатын аппараттар орталық провинциядағы Исфахан қаласында әскери қойма мен оқ-дәрі өндіретін орталыққа шабуылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат BBC News агенттігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар Иранның батысындағы Дизфуль қаласында авиабазада жарылыс болып, елдің батысындағы Хамадан мен солтүстігіндегі Решт қалаларында өрт болған.

Жарылыстың даусы Тегеран қаласынан да естіліп жатыр. Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, әкімшілік ғимараттарға шабуыл жасалған.

Куәгерлердің сөзінше, Иранда ұшақтар көкке көтерілді. Иранның Қорғаныс министрлігі оқ-дәрі өндіретін орталықтардың біріне ұшқышсыз ұшатын апараттардың шабуылдағанын растап отыр.

«28 қаңтар күні сағат 23:30-дар шамасында ұшқышсыз ұшатын аппараттарды пайдаланып, Қорғаныс министрлігінің орталықтарының біріне сәтсіз шабуыл жасалды»,-делінген ведомствоның хабарламасында.

Аппараттардың бірін әуе қорғаныс жүйесі атып түсірген. Тағы екі аппарат «қорғаныс қақпанына» түсіп, жарылып кетті.

Қазіргі таңда мерт болғандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

09 маусым, 12:56
Туркестанский регион станет цветочным хабом
09 маусым, 12:54
Туркестанская область усиливает инвестиционно-технологическое сотрудничество с Китаем
08 маусым, 13:31
Туркестан: Реализация инвестиционных проектов находится на постоянном контроле
08 маусым, 13:27
В Туркестанской области объем валовой продукции сельского хозяйства достиг 206 млрд тенге
08 маусым, 13:16
Туркестан: В Сарыагашском районе модернизируют систему питьевого водоснабжения
08 маусым, 13:12
Предприятие в Кентау перерабатывает пластиковые отходы и экспортирует продукцию за рубеж
05 маусым, 17:13
Көлік министрі Қонаевтағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен танысты
04 маусым, 13:33
Нурсултан Данабайулы: Расширение сферы применения государственного языка - наша общая задача
04 маусым, 13:28
Туркестан: Поддержка предпринимателей — важный фактор устойчивого развития экономики